Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауыл округінде Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелер зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Абдрахман Бауыржан ауылдың түрлі этнос белсенділерімен өткізді.
Кездесуде түрлі этнос өкілдері арасында «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» мақсатында діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алуға бағытталған ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында Шұбарсу ауыл округінде орналасқан этнос өкілдері аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, сауалдарына теолог маманының тарапынан түсінікті әрі тұщымды жауаптар алды.
Comments