АймақӘлеуметҚоғамРуханият

1 ШІЛДЕ — ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақ халқының төл өнері жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен домбыра еске түседі. Домбыра – қазақ халқының асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақ ежелден қуаныш пен қайғыны, жақсылық пен жамандықты домбыраның үнімен жеткізген.

Бүгін, 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы мен Келес аудандық балалар «Саз» мектебінің ұйымдастыуымен, жас домбырашылар табиғат аясында аудан жұртшылығына қазақтың қара домбырасымен бірнеше күй орындап, көрермен қошеметіне бөленді. Домбырашылардың орындаған күйлері көрерменің көңілінен шығып, патриоттық сезімін оятты. Іс-шара барысында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалы басшысы атынан аудандық аналар кеңесінің төрайымы «Саз» мектебінің жас домбырашыларын мерекемен құттықтап «Алғыс хатымен» марапаттады.

Барша аудан тұрғындарын 1 шілде- Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз! Қазақтың күйі күмбірлейберсін!

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ.

Алдыңғы

АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *