АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ЗАҢ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ҚҰРБАНДАРЫ

Интернет – бүгінгі таңда ақпараттың қайнаған көзі. Ғаламтор ғаламды шарпыған алпауыт күшке айналғалы қашан. Әлемнің кез келген түкпірінде жүріп өзге мемлекеттегі таныстарыңмен байланыс орнатып беретін де, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын да осы ғаламтор. Алайда интернеттің адам баласына тигізер әсері күн санап арта түсуде. Әсіресе, буыны бекімеген балалар мен жасөспірімдерге тигізер кесірі көбейе бастағанын байқап жүрміз. Оның үстіне, статистикалық деректер ғаламторды ересектерден гөрі жасөспірімдердің көп қолданатындығын дәлелдеп отыр.

Бүгінде бала ата-анасын мазаламастан тыныш отырсын деген кез келген жан бүлдіршіннің қолына смартфон ұстатып қояды. Біз осылайша балаларды ғаламторға байлап беріп, сүзгіден өтпеген, талғамсыз, тіпті, зиянды ақпараттармен бала санасын улап отырғанымызды өзіміз де аңғармай қалудамыз.

Ислам дінінің атын жамылған деструктивті діни ағымдардың өкілдері кeз-келген бағыт бойынша, соның ішіндe ғаламтор арқылы да жастардың санасын улап, қоғамда іріткі салып бағуда. Қоғамға дендей eнген интернеттің, әлеуметтiк жeлінің пайдасымен қоса зияны да бар. Таяу Шығыстағы лаңкестік әрекеттeрімен танылған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы әлeуметтік медиа және ғаламторлық тeхнологиялық қосымшаларды пайдалану арқылы өзге елдерден келген содырлармен қатарын көбейтті. Әлем бойынша ұйымдарға қосылушылардың 80%-дан астамы – ғаламтор арқылы арбалғандар. Деструктивті діни ағымдардың жастарды арбау әрекеттері осы ғаламтор ресурстары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүзеге асырылуда. Әсіресе олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар болып табылады және діни сауаты жоқ, жұмыссыз жастарды еліктіріп қатарына тартады.

Радикалды ағымдар көбінесе «Facebook», «Вконтакте», «Tapatalk», «Одноклассники», «Instagram», «Telegram», «Tik-tok» әлеуметтік желілерін жастар арасында кең қолданысқа ие әлеуметтік желілерді қолдануда. Экстремистер әлеуметтік желілерде күндіз-түні жастарды аңдып, олардың өмірлік көзқарастары мен дүниетанымдарын зерттеп, өз айла-тәсілдерімен саналарын сан түрлі жолмен арбауға тырысып бағады. Деструктивті діни ағым өкілдері жас өспірімдердің назарын аудару мақсатында түрлі форматта контент жасауда. Әсіресе, жасөспірімдер арасында танымал болған «Tiktok» әлеуметтік желісінде өз насихаттарын жүргізуде.

Контентті дайындап таратып отыратын адамдар, негізінен террористік ұйымның соғыс алаңдарында жүрген адамдары емес, деструктивті дiни ағымның жақтаушылары болып табылатын өз үйінде, компьютер алдында отырған азаматтар. «Telegram» әлеуметтік желісі сөйлесу құралынан бөлек, материалдарды шексіз сақтауға мол мүмкіндігі бар екенін білді. «Instagram» насихат жұмыстары үшін таптырмас құрал. Мұнда жат ағымның жақтастары мыңдаған тіркелушілерді тез жинайды.

Сонымен қатар, олар жихадшы-террористердің күнделікті өмірін шөл даладағы әсем көрініспен, балалардың тәтті күлкісімен, қаруларын асынып, тату-тәтті отбасылық суреттермен көрсетеді. Міне, осы сырт көзге бәрі «тамаша» боп көрінген суреттегі, бейнероликтегі өмірге әлеуметтік желідегі тіркелушілер арбалып, ақыр соңы алданып қалып жатады. Себебі, негiзінен жастар мен орта жас өкілдері көптеп отыратын бұл платформаларда деструктивті, радикалды идеялар тез таралып, өз діттеген мақсатты аудиториясына жетіп отырады. Бұған дәлел еліміздегі экстремизм баптарымен сотталғандардың көбі – нақ осы желілерде белсенді ақпараттық жұмыстармен айналысқандар. Сондықтан бүгінгі таңда ақпараттық қауiпсіздік күн тәртібіндегі ең бiр өзекті мәселеге айналып отыр. Деструктивті діни ағымдардың идеологтары ұсынатын контенттер өте әсерлі, қысқа, түсінікті әртүрлі форматта болып келеді. Радикалды діни ұйымдар түрлі тәсілмен әр санаттағы адамдарға арбау жасауда. Ғаламтор бетінде тұрмысқа шықпаған қыздарға арналған танысу сайттары белсенді жұмыс істеуде. Сонымен қатар қайырымдылық жасау, өз парақшаларында құран аяттары мен сүннет амалдары, сауда саласында жарнамалар т.б. туралы материал жариялаумен бастайды. Аудиториясын жинап алғаннан кейін өздерінің уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алады. Олар материалдарын сапалы форматта (бірдей фон, әр материал бірдей форматта,) дайындайды. Желі қолданушыларының назарын аударатын инфографикалық және анимациялық роликтер мен көз тартарлық дизайнды қолданады. Кейбір сайттарында халықты экстремистік немесе террористік әрекеттерге шақыруды насихаттамауы мүмкін. Бірақ исламға арналған ақпарттық портал ретінде жұмыс жүргізеді. Алайда, олар шын мәнiнде халықтың дәстүрлi діни ұстанымдарын ыдыратып, мұсылмандар арасына жік салып, дінді іштей бөлшектеуді көздейді.

Деструктивті діни ағымның өкілдері өз нанымдарын таратуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Мәселен заң аясында тіркеліп, жария жұмыс атқарған сияқты көрінгенімен, көп шаруасын астарлы түрде істейді. Заман талабына сай QR-код арқылы өз жақтастарының қатарын арттыруда. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білімсіздік, теріс ақпарат – жастардың радикалдық ағымдарға өтіп кетуіне себепші болады. Сондықтан құқық қорғау органдарының мамандары көшеде тегін таратылатын материалдарды алмауға кеңес береді. Діни әдебиет сатуға рұқсат беретін арнайы лицензиясы жоқ сауда орындарында сатылатын кітаптарды (сараптамадан өтпеген) алмаған жөн. Елімізде күмәнді бағыттағы діни ақпараттарды тарататын сайттарға әрдайым талдау жасалып, бұғаттау жұмыстары да жасалып отырады. Күмәнді контенттің дені шетелдік экстремистік уағызшылардың лекциясы. Сондықтан елдің, ұлттың, халықтың тұтастығын сақтап қалу үшін, өздерін ғана ақылды санайтын жат ағымдардан барынша сақтану қажет. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарымызды ұлықтау арқылы да, жастарды дұрыс жолдан жыра кеткен ағымдардан құтқарып қалу жолындағы бір тәсіл болып табылады. Ел бірлігi мен мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтiретін діни ағымдардың жетегіне кетіп қалмау шараларына баршамыз атсалысуымыз қажет.

«Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын

ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің маманы Б.Өтеген

РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН НАСИХАТТАУ ЖАЛҒАСУДА

Алдыңғы

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ»: БАСКЕТБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДА АНЫҚТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *