ЖаңалықтарЖастар саясатыСпорт

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ»: БАСКЕТБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДА АНЫҚТАЛДЫ

«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында спорт бәсекелері жалғасуда. Бүгін З.Косодемяньская атындағы №23 мектеп-лицейінде оқушылар арасында баскетбол ойындарының финалдық кезеңі өтті.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы М. Шотанов финалдық сынды тамашалап, жас спортшыларға қолдау білдірді.

Баскетболдан додаға 122 команда, 1464 оқушы қатысып финалдық кезеңге 16 команда жолдама алған болатын. Ұлдар арасындағы дүбірлі дода аса тартысты өтті. Жеңіске жету үшін жас сайыскерлер бар күш-жігерін жұмсады. Қорытындысында, спорттық долада М.Х. Дулати атындағы №8 мектеп — гимназиясы оқушылары жеңіске жетіп, лига жеңімпазы атанды. ІІ-орынға Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы ие болды. Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы үшінші орын алды.

Командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі 1 маусым күні «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өтеді.

Айдана Мұхтарова, Фото — С. Қосаев

ЗАҢ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ҚҰРБАНДАРЫ

Алдыңғы

СЕНАТОРЛАР ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *