АймақӘлеуметҚоғамРуханият

«АНА ӘЛДИІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін аудандық кітапханада «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында «Ана әлдиі» байқауы өткізілді.

Мақтаарал аудандық Аналар кеңесі мен «Қоғамдық келісім» КММ Мақтаарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен байқауға қатысушы аналар бесік жырының тәрбиелік мәніне баса назар аударып, ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртып, қойылымдар қойып, бесік жырларын орындады.

Байқаудың мақсаты — сәбидің санасына тәрбие мен салт-дәстүрді ұғындырып, бала жүрегіне ізгілік нәрін ұялата білетін – бесік жыры арқылы ұлттық тәрбие негіздерін қалыптастырып, мәдени құндылықтарымызды нығайту болып табылады.

Бесік жыры мәтінінің мағыналы, тәрбиелік мәні жоғары болуы, әуезі баланың бойына тыныштық ұялатып, ұйықтауына қолайлы жағдай туғызуы, ана мейірімін, жан жылуын жеткізетін әсері жоғары болуы, әннің орындалу шеберлігі тұрғысынан сараптау үшін аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық орталық кітапханалар жүйесінің басшысы Г.Ақбаева, аталмыш кітапхана басшысының орынбасары Ж.Зұлпыхарова әділ қазылар алқасы құрамында болды.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды А.Қалыбеков ауылдық округінен Ұ.Жұмаділдақызы, ІІ орынды Еңбекші ауылдық округінен А.Қосжанова мен Мырзакент кентінен Г.Байменова, ІІІ орынды Нұрлы таң ауылынан Ж.Ширинбаева иеленіп, дипломдармен марапатталды.

Ұлттық музейде «100 жасаған «Жас Алаш» атты көрме ашылды  

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА СЕССИЯСЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ БІРТҰТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *