АймақӘлеуметҚоғамРуханият

«МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ЖҮРЕК»

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сарыағаш ауданы, Тегісшіл ауыл округі Аналар кеңесінің төрайымы А.Сембаеваның ұйымдастыруымен 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Мейірімге толы жүрек» атты қайырымдылық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында Ақбота Қуанышбайқызының демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында Сарыағаш қаласының орталық саябағында қыдырып, түскі ас ішіп, тәттілер үлестірілді. Іс-шараға қатысушыларға, ата-аналар мен балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында ата- аналар қайырымдылық іс шараның ұйымдастырушылары мен демеушілерге өз ризашылықтарын білдірді.

Мемлекет басшысы Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен Әлем балаларын, барлық бүлдіршін балапандарымызды құттықтаймыз! Бақытты балалық – жарқын болашағымыздың жемісі. Жүздеріңді мұң шалмасын, шаттыққа толы күндеріңде қуанышқа кенеліңдер деп тілейміз.

ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛДЫ

Алдыңғы

ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *