Жаңалықтар

АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚ!

​ ​ Шымкенттік полицейлер интернет алаяқтардың көбейгенін айтып дабыл қағуда. Дамыған технологиялар заманында әлеуметтік желінің күшін пайдаланып жұртты тақырға отырғызатындар көбейген. Бұл туралы, Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі​ Арман Бейсенбаев арнайы брифинг өткізіп, хабарландыру жасады.

​ ​ ​ ​ ​ ​ Маңызды зор жиында, интернет алаяқтардың жаңадан қолданысқа енген​ айла тәсілдері мен олардан сақтанудың жолдары түсіндірілді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ «Соңғы уақытта ғаламтор арқылы түрлі жарнамалар таратып, ірі компанияларға инвестиция салуды ұсынатын алаяқтар көбейді. Олар адамдарға әртүрлі нөмірлермен қоңырау шалып, өзін банк қызметкері немесе құқық қорғау органдарының өкілі ретінде таныстырады. Сондай-ақ, жәбірленушілердің сеніміне кіру үшін 2-3 күн бойы хабарласып, өз дегенін орындатуға тырысады. Сіздің пәтеріңізді белгісіз біреу тартып алуы мүмкін екенін немесе есепшотыңызға қауіп төніп тұрғанын айтып сендіреді. Тығырықтан шығу үшін сізге сенімсіз сілтемелер жіберіп картаңыздағы барлық ақшаны қосымша шотқа аударуды талап етеді.​ Осылайша қомақты қаржыны иеленген алаяқ із-түссіз жоқ болады.» — , дейді Арман Бейсенбаев.

​ ​ ​ ​ ​ Осындай интернет алаяқтық бойынша шаһарымызда жыл басынан бері 488 жайт тіркелді. Оның ішінде, полицейлердің нәтижелі жұмысының арқасында 183 қылмыс ашылып, сотқа жолданды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,1 пайызға жоғарылаған. Ал, жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 162 миллион теңгеден астам соманы құрайды. Яғни бұл дегеніміз, әлеуметтік желіні пайдаланатын әр азаматтың алаяқтың арбауына түсіп қалу мүмкіндігі жоғары екенін көрсетеді.

​ ​ ​ Еш уақытта банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері сізге қоңырау шалып ақша аударымын жасауды және жеке мәліметтеріңізді сұрамайды.

-​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ірі компанияларға инвестиция салу арқылы қаражатыңызды еселеп алу мүмкін емес.

-​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Мемлекет басшысының бейнесін пайдаланып, тез арада ақша көбейтуге шақырып жатқан жарнамаларға сенбеңіздер.

-​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Банк қызметкерлері немесе құқық қорғау органдарының өкілдері өз айтқанын орындатуға талпынбайды және бопсалауға тырыспайды.

— Аз уақытта кезексіз пәтер немесе көлік алу мүмкін емес.

— Ешқандай банкте қосымша, қауіпсіз есепшот болмайтынын ескере жүріңіз. Мұның бәрі алаяқтардың ойлап тапқаны. Осы тектес қылмыстың куәсі немесе құрбаны болған жағдайда бірден «102» арнасына хабарлаңыздар. Интернет алаяқтарға қарсы бірге күресейік.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Мамыр Мадина.

Шымкент қаласы

ҒАЛАМ АҚЫНЫ МҰХТАР ШАХАНОВ ЖЫРСҮЙЕР ҚАУЫММЕН КЕЗДЕСТІ 

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДЫ ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ ЕТУ ҰСЫНЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *