АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ.

2022 жылдың маусым айының 09 — шы жұлдызы күні Шардара аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында ақ халатты абзал жандар дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған кездесуге Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы М. Салиходжаев, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров қатысты.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров кез келген діни ағымның деструктивтілігі оның мақсаттарынан және іс — әрекетінің нәтижесінен аңғарылады. Теріс пиғылды ағымның арбауына түскен адамның жеке өмірінің деңгейі, сондай — ақ оның әлеуметтік, физикалық, экономикалық, рухани және моральдық жағдайы бұзылады. Соның салдарынан отбасы мен қоғам зардап шегіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келеді. Деструктивті діни ағымдардың таралуы халықтың діни сауаттылығының төмендігі, қазақстандық азаматтардың шетелде бақылаусыз діни білім алуы сияқты факторлардың әсерінен кең етек жайып кетті. Соның арқасында халық арасында радикалды идеологияның енуіне қолайлы жағдай туғызған негізгі себептер болады деп келесі сөз кезегін қонаққа бұрды.

Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы М. Салиходжаев алдымен діни экстремизмге тоқталсақ. Бұл ұғым дегенде біз негізінен жек көрушілік пен діни дұшпандықты қоздыру мақсатында мемлекеттің аумақтық біртұтастығы мен тәуелсіздігін бұзу және билікті күшпен басып алуға үгіттейтін қауіпті іс — әрекеттер жиынтығын айтамыз. Яғни, бұның астарында да дінге негізделген немесе діни элементтерді қамтитын факторлар кездеседі деген сөз. Ал, «Діни терроризм» дегенде – дін атынан жалған сөйлеу, камуфляждалып жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдарды қазаға ұшырату, елеулi мүлiктiк залал келтiру, қоғамға қауiптi өзге де зардаптарды тудыру, қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру және т.б. діни элементке негізделген содырлық әрекеттерді айтамыз. Деструктивті діни ағымдар болса — қоғамда қалыптасқан дәстүрлі жүйеге дін атын жамылып, қауіп төндіретін, негізсіз терістейтін, жоққа шығаратын, дін атына сай емес мұрат — мақсаттарда іс — әрекеттер жасап, заңсыз немесе заңның тиімді тұстарын әртүрлі қитұрқы әдіс — тәсілдермен өз мүддесіне барынша пайдаланатын адасушыларды айтамыз.

Кездесу соңында сала мамандарына имамдар дін саласына жауапты мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

 

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ НЕГІЗДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫ САЙЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *