АймақӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ НЕГІЗДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫ САЙЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына сәйкес жыл сайын ротация тәртібімен өңірлік Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарлары сайланады.
Осыған сәйкес, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов модераторлық етті.
Алқалы басқосуға облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, «АМАNAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары қызметіне «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы Фарит Аюпов және «Барбанг қауымдастығы» күрді республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Азимбай Надиров бірауыздан сайланды. Облыс әкімінің орынбасары С. Қалқаманов жаңадан сайланған азаматтарға алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысындағы филиалының төрағасы Сарманбай Сафаров пен Түркістан облыстық «Парвиз» тәжік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юлдаш Султановқа өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау саласына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Жиынды қорытындылаған С. Қалқаманов этносаралық бірлікті сақтап, елді игі істерге ұйыстыру қажеттігіне тоқталып, Жаңа Қазақстанды құруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ.

Алдыңғы

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОПТЫҢ КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *