ЖаңалықтарМәдениетРуханият

ЕЛОРДАДА ҮЛКЕН ӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Қазақконцерт ұлттық өнерді дәріптеуге арналған жаңа форматтағы «Біздің жәрмеңке» жобасын ұсынады. Осы жоба арқылы әртістер кезінде ұлттық музыка өнерін қалың қазаққа танытып, аңызға айналған Қоянды, Көкжар, Қараөткел сынды тағылымы мол жәрмеңкелерді өткізуді қайта жаңғыртпақ.  

Жоба аясында көрермендер ұлттық қолөнер түрлерін дамытып жүрген шеберлердің жұмыстарымен танысып, «Біздің жәрмеңке» атты мерекелік концертті тамашалай алады.

Жобаның құрметті қонағы – Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларын, аудан мен ауылдарын жаяу аралап жүрген 72 жастағы саяхатшы, желіде @ulytaumen деген парақшасымен танымал марафоншы Сәрсенбай Қотырашов. Сәрсенбай қарияның осы жылдың 31 наурызынан бастау алған «Ұлытауға бардың ба…?» атты жаяу сапары Жезқазған қаласы, Қызылорда, Түркістан облысы, Тараз, Алматы, Талдықорған, Аягөз, Өскемен, Семей және Павлодар қалаларын қамтыды.

Ұлттық өнерді насихаттау, қазақ руханиятының өркендеуіне үлес қосу мақсатында өткізілетін «Біздің жәрмекенің» ерекше бөлімі – мерекелік концерт. Өнер сүйер қауым ұлтымыздың әуелеген әсем әндері, күмбірлеген күй мен жыр жауһарларынан сусындап, төл өнерімізден үздік үлгілерін тамашалай алады. Сахнада Ерлан Рысқали, Жанғали Жүзбай, Ерболат Шалдыбеков, Толғанбай Сембаев, Елмұра Жаңаберген, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Айгүл Елшібаева, Ардақ Балажанова, Құмарбек Қалқатай, Нұрболат Арзамасұлы, Раушан Оразбаева, Перизат Тұрарова, Айзат Қарабекова, Күнсұлу Түрікпен, Дінисламбек Жайлаубай, Асқар Мұқият, Біржан Айтахметов, Серік Нұрмолдаев, Ардақ Елеусіз, Венера Табыс, Бауыржан Мұхаметбай, Нұрбану Жұртекина, Нұркен Якияев, Салтанат Ерсұлтан, Ержігіт Әлиев, Дарын Құдайберген, Шолпан Шарапатова, Жұмагүл Қуанышқалиева, Әділ Жүнісов, Райхан Омар өнер көрсетеді. Бұған қоса Бауыржан Ақтаевтың көркемдік жетекшілігімен “Астана сазы” қазақ мемлекеттік ансамблі, “Тұран” фольклорлық ансамблі, “Қобыз-Рух” тобы,  Зәуре Жакешованың көркемдік жетекшілігімен “Мұрагер” балалар ансамблі, “Астана мюзикл” мемлекеттік театры, “Наз” би театры да өнерлерін ортаға салады.

«Біздің жәрмеңке» жобасы 7 шілде күні сағат 18:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында (Мәңгілік ел, 10/) өтеді. Қосымша сұрақтар бойынша:

+ 7 701 820 9790;  +7 701 632 36 23 

ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРАДЫ

Алдыңғы

ЕЛОРДА — ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *