ЖаңалықтарЖастар саясаты

ҚАЛА ӘКІМІ ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРМЕН АЙ САЙЫН ЖҮЗДЕСІП ОТЫРАДЫ 

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен әкім жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында айтылды. Басқосу барысында Мұрат Дүйсенбекұлы ел болашағы — жастардың өзекті мәселелерін шешу, оларға жан-жақты қолдау көрсету жұмыстың басым бағыттарының бірі болуы тиіс екенін айтты.

Отырыста қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысын баяндап өтті. Ал, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева жастарды жұмыспен қамту, «NEET санатындағы жастар туралы» тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы баяндады. Сонымен қатар білім басқармасының басшысы 2021-2022 оқу жылында оқушыларды қолдау бағытында атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

—Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылдармен салыстырғанда біршама төмендеді. Соған қарамастан жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық және нашақорлық мәселелері өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан барлық мүдделі органдарды бірлесе отырып алдын алу жұмыстарын күшейтуге шақырамын, — деген Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық және нашақорлықтың алдын алу бойынша біраз деректер келтірді.

Кеңес отырысын қорытындылаған Мұрат Әйтенов жастар саясаты мәселелеріне байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

—Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтан жастарды жан-жақты қолдап, өзекті мәселелерін шешіп отыру — біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Әсіресе, жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық және нашақорлықтың алдын алу, жастарды жұмыспен қамту іс-шараларын жетілдіруді, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстарды күшейте түсу керек, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы. Айта кетейік, кеңес отырысының қорытындысында қала әкім жастармен айына бір рет кездесіп отыратын болып шешім қабылданды. Шымкентте 4 ауданның жастары 4 блогқа бөлініп, олармен «Жастар ресурстық орталығында» тұрақты кездесулер өтіп тұрады.

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОПТЫҢ КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Алдыңғы

БАЗАРҚАҚПА ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ БАРЛЫҚ КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *