Еңбекші ауданы Базарқақпа тұрғын алабының көшелеріне орташа жөндеу негізінде асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.
Атап айтқанда, Ақшенгел, Нарынкөл, Қорғамқұм, Ақыртас, Таңыртау, Тельман, Жалпақтал және Абдалиев көшесінің жалғасы жөндеуден өтті. Тұрғын алаптағы жалпы көше ұзындығы 3,04 шақырымды құрайды. Жобалық сметалық құжатына сәйкес, барлық көшелерге қалыңдығы 10 см асфальт төселді.
Comments