ЖаңалықтарСпорт

ШЫМКЕНТТІКТЕР СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІН КҮТІП АЛДЫ

Бүгін таңертең еркін күрестен Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері Рсалы Сабыржан мен байрақты бәсекеде өз шеберлігін көрсеткен Пернеш Шадиярды жерлестері әуежайдан күтіп алды.

Сонымен бірге спортшыларды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қарсы алып, оларды жеңісімен құттықтады. Бұл жетістік жаттықтырушылар мен спортшылардың табанды әрі мықты жұмысын көрсетіп тұрғанын айта кетті. Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен 24-ші Сурдлимпиада ойындарына әлемнің 100 елінен спорттың 21 түрінен 3500-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның намысын 9 спорт түрінен 65 спортшы қорғаса, олардың құрамында жерлестеріміз 65 келі салмақтағы Пернеш Шадияр мен 70 келідегі Рсалы Сабыржан бар.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖАЙНА ШЕКЕРБЕКОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕПКЕ КҮННЕН ҚУАТ АЛАТЫН ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *