ЖаңалықтарҚоғамМәдениет

АРБАТТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Мереке аясында Шымкентте Арбат демалыс аймағында «Отбасым – менің тірегім» атты іс-шара өтті. Мерекелік кеште цирк өнерпаздары қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлап, түрлі бағытта қойылымдар қойды. Балаларға арасында танымдық ойындар ұйымдастырды. Шаһадағы рухани ордалар – 5 кітапхана оқырмандарға кітап көрмесін жасақтады.

– Бүгінгі мерекеде «Отбасы» әдебиеттерінен құралған кітап көрмесін ұсынып отырмыз. Жалпы мекемеміз отбасы құндылықтарын әрқашан дәріптеп келеді,- деді Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Гүлжан Талғатқызы.

Іс-шарада «Кел, бірге ойнайық!», «Клубничное Королевство», «Құлақсыздың жазасы», «Қағидалар қаласы» атты балаларға арналған ертегілер қойылды. Танымдық бағдарламалар күні бойына жалғасатын болады. Отбасылар арасында сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталады, -деді Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәдениет бөлімінің бас маманы Динара Серікқызы.

Айдана МҰХТАРОВА

ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ 

Алдыңғы

ОҢАЙ ОЛЖА ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *