ЖаңалықтарМәдениет

МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Абай атындағы қалалық орталық кітапханада 1 мамыр – ҚР халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан – татулық пен ынтымақтың киелі бесігі» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Шараға қатысқан Жастардың уақытын тиімді пайдалану  орталығы,  А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп оқушылары қазақ, орыс, әзірбайжан, өзбек тілдерінде өлеңдер оқыды. Ақын, сазгер Айзада Бекенқызы  мен «Әйгерім» музыка мектебінің ұстаздары  ән шырқап, кеш көркін аша түсті. Бұл мереке егемен елімізде жасайтын 130 ұлт пен ұлыстың бір-бірімен тату-тәтті ғұмыр кешетінін, достыққа берік екенін айқын аңғартуда. Татулық пен бірліктің бесігіне айналған шырайлы Шымқалада еңбек, өнер, білім, спортта сан түрлі табыстарға жетіп жүрген ұлт пен ұлыс өкілдері де үлгі өнеге танытып келеді. Мұның бәрі біздің жарқын өміріміздің бүгінгі бет-бейнесі сияқты.

Раушан СҰЛТАНБЕК,

Шымкент  қаласындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі әдістеме бөлімінің меңгерушісі.

БӨРЖАРДАН БАСТАЛҒАН БІР БҰЛАҚ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ГҮЛ ШОҒЫН ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *