ӘдебиетЖаңалықтар

БӨРЖАРДАН БАСТАЛҒАН БІР БҰЛАҚ

Абай атындағы қалалық орталық кітапханада ақын, журналист Атанбек Наурыздың 65 жасқа толған мерейтойына орай «Бөржардан басталған бір бұлақ» тақырыбында кездесу кеші өтті. Оған  қаладағы ғалымдар, ақын- жазушылар, мәдениет қайраткерлері, замандас, қанаттас  достары қатысты. Кеш қонақтары ақынның өмірі мен шығармашылығына  тоқталып, сан түрлі мамандықты меңгеріп, Шымкент қалалық «Шымкент келбеті» газеті мәдениет және өнер  бөлімінің меңгерушісі, теледидарда арнайы айдар ашып, бейнесюжет жасау нұсқасының негізін қалағаны туралы әңгімеледі. ҚР мәдениет қайраткері Асқар Әлихан жүргізген кешке ғалым Бегман Ысқақ, ҚР мәдениет қайраткері Лесбай Майемеров, режиссер Әскер Құлданов, жазушы Шойбек Орынбай, сатирик жазушы Сабырбек Олжабай, Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың иегері ақын Құрал Көмек, Қ.Мүсірепов атындағы орта мектеп мұғалімі Ғалия Әбілдабекова, Ордабасы ауданының  кітапханашылары тағы басқалары қатысып сөз сөйледі. «Оңтүстік Қазақстан»  газетінде бірге қызмет істеген әріптестері Гаухар Сапарова т.б. зейнеткерлікке дейінгі 20 жылында газет редакциясының коммерциялық — жарнамалық бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшының орынбасары, мәдениет және өнер, әлеуметтік бөлімдерінің аға тілшісі, аударма саласының жетекшісі қызметтерін абыроймен атқарғаны, сонымен қатар бірге қызмет жасай жүріп, көп нәрсе үйренгенін айтып өтті.

Раушан СҰЛТАНБЕК,

Шымкент  қаласындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің әдістеме бөлімінің меңгерушісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҰОС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ  

Алдыңғы

МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *