ЖаңалықтарҚоғам

«ЕРЛІК ПЕН БАТЫРЛЫҚ- БАБАЛАР МҰРАСЫ»

Шымкенттегі «Ерлік» музейінде Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр «Жеңіс» күні мерекесіне орай «Ерлік пен батырлық- бабалар мұрасы» тақырыбында iс-шара өткізілді. Мұндай іс- шаралар арқылы жас буын аға ұрпақтың елге қызмет етуге қосқан үлесі мен Отанды сүюдің маңыздылығына тереңінен тани түседі. Биыл қасиеттi де қастерлі Ұлы Жеңiске 77 жыл толады. Аға ұрпақтың ұлы ерлігін мәңгiлiкке есте сақтауға арналған ең қастерлi де мәртебелі мереке күн. Бұл-аға буын өкiлдерiнiң жанқияр ерлiгi мен еселі еңбегiнiң жемiсi.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi ардагерлерiнiң Шымкент қаласының төрағасы полковник Онбаев Серікбай Мейiрбайұлы, полковник Бауыржан Үлкебаев, Түркістан облыстық Желтоқсан ақиқаты қозғалысының төрайымы Сажида Элжанова, Шымкент қалалық Желтоқсан ақиқаты қозғалысының төрағасының орынбасары Бейбіт Төлеметов, Шымкент қаласының Желтоқсан қозғалысының мүшесі Абенов Нұрлан, Семей сынақ ядролық полигоны қоғамдық бірлестігінің мүшесі Сартаев Абдрахман, Өмірхан Қарабековтер қатысты.

Ерлік музейiнiң қызметкері Айгүл Садыққызы баяндама оқып, келген қонақтарға музей экспозициясына экскурсия жүргізілді.

«Асыл әжелер» тобы «Сарыбидай», «Қайтармаған», «Секіртпе» халық әндерін орындады. Түркістан облыстық Желтоқсан ақиқаты қозғалысының төрайымы Әлжанова Сажида «Әриайдай» әнін орындады.

Іс-шараның өтуіне Шымкент қаласының №12, №10 жалпы орта мектептiң ұстаздары мен оқушылары да атсалысты.

«ЖАУЖҮРЕК ПОЛК» АКЦИЯСЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТЕДІ

Алдыңғы

ҰОС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *