ЖаңалықтарСпорт

ЖАСТАР ЛИГАСЫ»: ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ САЙЫСЫ ТАРТЫСТЫ ӨТУДЕ  

Кезекті «Шымкент жастар лигасы» жобасы Еңбекші ауданына қарасты жалпы орта білім беру мекелерінің оқушылары арасында баскетболдан өтуде.

Жалпы аудан бойынша баскетболдан 35 құрама команда қатысты. Бүгін спорттық сайыстан ұлдар бақ сынауда. Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес, бірінші айналымның ойындары тартысты басталды.

А тобының спортшылары № 24 мектепте; Б тобы 36 мектепте; С тобы 63 мектепте; Д тобы 127 мектепте баскетболдан жарысқа түсті. Жас спортшылардың жеңіске деген үміті басым. Олардың әрқайсысы өз командасын жеңіс тұғырынан көргісі келеді. Бас төреші жасөспірімдердің дайындығы жақсы деген бағасын берді.

Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» жобасының финалдық кездесу ойындары мамырда өтеді. Жеңімпаздарды қомақты жүлде күтіп тұр.

Айдана МҰХТАРҚЫЗЫ, ФОТО Серік Қосаев

ҚАРАТАУ АУДАНЫ БІРЛІК МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Алдыңғы

ҚАЛА ӘКІМІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *