ЖаңалықтарҚоғам

ҚАРАТАУ АУДАНЫ БІРЛІК МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ел бірлігі — мемлекет тұрақтылығының тірегі» іс-шарасы өтті. Жиын 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Нұрсәт» өнер мектебінде ұйымдастырылып отыр.

— Әрбір мемлекеттің тұрақтылығы елдік пен бірлікке негізделетіні анық. Еліміздің бірлігі нығайып, ынтымағы арта берсін! Біз бүгін түрлі салада тер төгіп, Қаратау ауданының өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарымызға алғыс білдірмекпіз, — деді Қаратау ауданының әкімі Р. Мүлкеманов.

Шымкент қалалық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі, Алиевтер отбасылық ансамблінің жетекшісі Бачак Алиев бабасының Қазақстанға қалай келгенін баяндап берді.

— Әкем Маханбет пен анам Памбух 1944 жылы депортация кезінде жер аударылған. Сол кездегі Сайрам ауданы Ленин жолы колхозына келгенде жергілікті тұрғындар, оның ішінде қазақтар өздерінің қоржын үйлеріне қондырып, ас-суын бөліскен. Мен 1948 жылы дүниеге келгенмін. 30 жылдан астам құқық қорғау саласында жұмыс істедім. Ата-анам көзі тірісінде қазақ халқының қонақжайлығын, бауырмалдығын әрдайым айтып отыратын. Қазақ ұлтына деген құрметіміз ретінде немерелерімізге Нұрсұлтан, Ерсұлтан, Бексұлтан, Шахсұлтан деп қазақ есімдерін қойдық,- дейді кейіпкеріміз.

Салтанатты шара барысында Қаратау ауданының этномәдени орталық өкілдері, кәсіпкерлері, мәдениет саласының майталмандары мен шағын аудандардағы белсенді үй басқарушылары, тұрғындар марапатталды.

Шымкент қалалық корей этномәдени орталығының мүшесі, №88 жалпы орта мектебінің мұғалімі Тимур Пак — белсенді жастардың бірі.

— Қазақстанда өніп-өсіп отырғанымды мақтан тұтамын. Ағайынды бесеуміз де қазақ еліне деген құрметіміз ретінде қазақ мектебінде білім алдық. Атам Владимир Пак пен әжем Любовь Цой әрдайым қазақ ұлтының бауырмалдығын дәріптеп өтті, -дейді Т. Пак.

Салтанатты жиын «Нұрсәт» өнер мектебі оқушыларының концертіне ұласты.

«Шымкент келбеті»— Замира АЛДАБЕРГЕНОВА.

Суретті түсірген Серік ҚОСАЕВ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚАНТТЫҢ ОРНЫН БАСАТЫН ДӘРІЛІК ӨСІМДІК ӨСІРУДЕ  

Алдыңғы

ЖАСТАР ЛИГАСЫ»: ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ САЙЫСЫ ТАРТЫСТЫ ӨТУДЕ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *