Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 1060 отбасыға қайырымдылық  жасалды  

 Бүгін, қасиетті Рамазан айының жиырма сегізінші күні Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің бастамасын аясында ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Әл-Фараби ауданына қарасты елді мекенінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, ұлағатты ұстаз Сахыбек қажы Әзімбайұлың әулеті «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы қатысып, қолдау көрсетті.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрмтаұлы, Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов, қалалық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы, дінтанушы Қалиолла қажы Маджанов, шаһар бас имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаевтар қатысты.

Жалпы, бүгінгі қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 1060 отбасыға азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» үлестірілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

1 МАМЫР- ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ “МОБИЛЬДІ АРБАТ” ШАРАСЫ ӨТТІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *