Жаңалықтар

1 МАМЫР- ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні кеңінен атап өтілді. Аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, өз саласының үздіктері алғыс хатпен марапатталды.

Бүгінде елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату — тәтті ғұмыр кешіп келеді. Жыл сайын 1 мамырда Әл-Фараби ауданында 60-қа жуық өзге ұлт өкілі береке мен бірлікте өмір сүріп жатқандығын атап өтеміз. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын. Ынтымағымыз арта берсін!

Мерекелік кеш бір шаңырақ астына шоғырланған өнер иелерінің мың бұралған биімен басталып, әсем әндермен жалғасты. Жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді.

ЖОЛДАР ЖӨНГЕ КЕЛУДЕ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: 1060 отбасыға қайырымдылық  жасалды  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *