Жаңалықтар

БАЗАРЛАРДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін қала әкімі орынбасары Айбек Сәттібаевтің төрағалығымен сауда базарларының қызметін реттеу бойынша комиссия отырысы өтті.

Жиынға қала прокурорының бірінші орынбасары Н.Сейдалиев, сауда орындарының басшылары мемлекеттік кірістер департаменті, монополияларды реттеу департаменті, кәсіпкерлер палатасы және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

Комиссия мүшелері тарапынан сауда базарларының қызметін ынталандыру бойынша бірқатар ұсыныстар қаралды.

Базарлардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін біріңғай цифрлық платформа құру, санитарлық талаптардың сақталуын, сауда базарларының модернизациядан өтуі туралы ұсыныстар тыңдалды. Жиын соңында әкім орынбасары салалық басқарма өкілдеріне осы бағытты жандандыру үшін тиісті тапсырмалар берілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР БІРЛІК ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫ ІСКЕРЛІККЕ БАУЛУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *