Жаңалықтар

«МОБИЛЬДІ АРБАТ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ШАҚЫРАДЫ 

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

29 сәуір күні 11:00-16:00 аралығында Арбат алаңында Шымкент өнімдерін ұсынатын алғаш рет “Мобильді арбат” жәрмеңкесі өтетінін хабарлаймыз!

Шара аясында келушілерге ет, сүт, шұжық өнімдері, бал, шырын, шай, кептірілген жеміс және қолөнер бұйымдары бойынша кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынады. Сондай-ақ, цирк қойылымдары, концерттік шара, балаларға арналған шоу көрсетіледі. Одан өзге, келушілер саз балшықтан құмыра жасаудың шеберлік сабағына қатыса алады.

Мақсат — жергілікті шеберлерді насихаттап, туристік өнімдерді жарнамалау.

Келіп, бір күніңізді көңілді әрі қуанышты өткізуге шақырамыз!

ШЫМКЕНТТІК ҚҰРАМА ЖАС САРБАЗДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Алдыңғы

КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРГЕ СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *