2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде, 2022 жылдың сәуір айының 1-14 күндері аралығында 400 АЕК көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грантқа құжаттар қабылданған болатын.
Жалпы, 437 өтінім түскен. Оның 336-ы комиссияға ұсынылып, 101-і тиісті санаттарға жатпайтыны анықталды.
Комиссия отырысы 2 күнге, яғни 26 сәуір күні -170 адам, ал 27 сәуір күні 168 адам өз бизнес-жоспарларын қорғайтын болады.
Комиссия құрамында қалалық мәслихатының депутаты, қалалық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Қаратау, Еңбекші, Абай, Әл-Фараби аудан әкімдіктерінің, қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының, Жастар ресурстық орталығы, кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Іскер әйелдер» кеңесінің және БАҚ өкілдері бар. Айта кетсек, биыл 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грант 1150 азаматқа үйлестіру жоспарлануда.
Comments