ӘлеуметЖаңалықтарЗаңҚоғам

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мәжіліс залында интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне арналған профилактикалық семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға басқарма басшылығы, бөлім басшылары, аппарат қызметкерлері және Шымкент қаласындағы 1-полиция батальонының жеке құрамы қатысты.

Семинар барысында интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, азаматтардың жеке деректерін қорғау, сондай-ақ алаяқтық әрекеттердің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Баяндамашылар ретінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері, полиция капитандары Ердаулет Қанатұлы Ералиев пен Бақытжан Тұрсынбайұлы Бекбаев сөз сөйледі.

Кездесу барысында интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, қатысушыларға алаяқтардың кең таралған тәсілдері мен олардан сақтану жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Іс-шара соңында қатысушыларға профилактикалық ұсынымдар ұсынылып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

12 июня – Всемирный день борьбы с детским трудом

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *