Жаңалықтар

336 ӨТІНІМ КОМИССИЯҒА ҰСЫНЫЛДЫ

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде, 2022 жылдың сәуір айының 1-14 күндері аралығында 400 АЕК көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грантқа құжаттар қабылданған болатын.

Жалпы, 437 өтінім түскен. Оның 336-ы комиссияға ұсынылып, 101-і тиісті санаттарға жатпайтыны анықталды.

Комиссия отырысы 2 күнге, яғни 26 сәуір күні -170 адам, ал 27 сәуір күні 168 адам өз бизнес-жоспарларын қорғайтын болады.

Комиссия құрамында қалалық мәслихатының депутаты, қалалық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Қаратау, Еңбекші, Абай, Әл-Фараби аудан әкімдіктерінің, қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының, Жастар ресурстық орталығы, кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Іскер әйелдер» кеңесінің және БАҚ өкілдері бар. Айта кетсек, биыл 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грант 1150 азаматқа үйлестіру жоспарлануда.

МИБ БОЙЫНША ЖҰМЫСШЫ ТОП ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР АРҚЫЛЫ 208 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *