ЖаңалықтарСпорт

ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫЛАРЫ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫСТЫ  

«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында Еңбекші ауданына қарасты жалпы орта білім беру мекелерінің оқушылары арасында волейбол ойындары өтуде. Ойынға аудан бойынша 32 құрама командадан құралған 384 оқушы қыз қатысуда.

Сонымен қатар қыздар арасындағы волейболдан Бас төреші бекіткен кестеге сәйкес 3 айналымдық кездесулер басталды.

А тобынан жарыстар №24 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті. Қай командалардың қатысқанын төмендегі кестеден білуге болады:

№134-№124, №12-№36, №124-БИЛ-2, №94-№134, №134-№127,    БИЛ-2-№94, №124-№12, №127-БИЛ-2

Ал, Б тобына кіретін командалар жарысы №36 жалпы орта білім беретін мектебінде төмендегі кесте бойынша өрбіді: №97-№105, №105-№146, №37-№97, №96-№99, №43-№104, №46-№104

Өз кезегінде С тобының ойыншылары №63 жалпы орта білім беретін мектебінде жарыс көрігін қыздыруда.

Спорттық додаға Қарабастау ауылындағы №99 мектептің атынан қатысып жатқан оқушы Сандуғаш Юсупова жарыс өте тартысты өтіп жатқанын айтты. Сондай-ақ жеңіске жету үшін барын салатынын жеткізді.

«Шымкент жастар лигасы» жобасының финалдық кездесу ойындарының жеңімпаздары мамыр айының соңында анықталады.

«Шымкент келбеті»- Әнуар ЖҰМАШБАЕВ,  фото: Серік ҚОСАЕВ

ШЫМКЕНТТЕ ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ  

Алдыңғы

Ұлттық музейде «Ұлы  дала  тарихының  жазба мұралары» көрмесі ашылды  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *