Жаңалықтар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ АҚАУЛАР 15 МАМЫРҒА ДЕЙІН ЖОЙЫЛАДЫ  

Одан кейін мердігерлерге мерзімі өткен әрбір күн үшін айыппұл салынады. Мұндай тапсырманы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мамандандырылған комиссия өкілдеріне берді. Ол жөндеуден кейінгі жолдардың сапасын тексеру барысында бірқатар кемшіліктерді анықтады.

Қала басшысының тапсырмасымен құрылған — құрамында көлік және автомобиль жолдары басқармасы мен «жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК қалалық филиалының мамандары бар комиссия сегіз мердігер компания орындаған жол жұмыстарының сапасын тексеріп, кемшіліктер бар екенін айтты. Атап айтқанда, 310 шақырымдық салынған және жөнделген жолдың 2,8 шақырымында кемшілік орын алды. Жөнделген 980 ұңғыманың 21-ін мамандар сапасыз жасалғандықтан қабылдамады.

Әкімдік мердігер мекемелердің басшыларына нысандарды 15 мамырға дейін қалпына келтіру үшін ескерту хаттарын жолдады. Талаптарды мерзімінде орындамаған жағдайда құрылысшыларға мерзімі өткен әрбір күн үшін айыппұл салынады.

Еске сала өтсек, өткен жылы Шымкентте 310 шақырым автожолда құрылыс жұмыстары жүргізілді — 72,2 шақырым жаңа жол салынды және 237,8 шақырымы жөнделді.

Әуежай аумағындағы 4,5 шақырым веложолдан 0,6 шақырымындағы кемшілікті кәріз жүйесін жүргізген мердігер — «ЭнСаф» ЖШС ретке келтіретіні белгілі болды. Бүгінде жұмыстар жүргізілуде. Ал кәріз жүйесі орнында «Береке корпорациясы» компаниясы автожол мен веложол құрылысын бастайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЯСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

Алдыңғы

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *