ЖаңалықтарСпорт

ГОЛОВКИН МЕН МУРАТАНЫҢ КЕПІЛДІ ГОНОРАРЛАРЫ ҚАНША? 

Қазақстандық атақты боксшы, орта салмақта IBF және IBO чемпионы Головкин мен WBA «супер»титулының иегері Мурата кездесулері 9 сәуірде Сайтаме қаласында өткізеді.

Екі боксшыға ресейлік vringe.com порталы зерттеу жүргізген.

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН

Қазақстандық, 39 жаста. Бойының ұзындығы — 179 см. Қолының қарымы- 178 см. Пробибокстегі көрсеткіші: 41-1-1, 36 КО.

Жеке өмірі: үйленген. Қызы мен екі ұлы бар.

РИОТА  МУРАТА 

Жапондық. 36 жаста. Бойының ұзындығы- 184, қолының қарымы- 190 см. Пробибокстегі рекорды -16-2, 13 КО.

Жеке өмірі: үйленген.  Ұлы бар.

Геннадий 2019 жылы поясын сақтап қалды. Егер ол осы шайқаста жеңсе, Канело Альвареспен (Ол Дмитрий Биволдан жеңіліп қалмаса) қайта шығады.

Риота Олимпиада чемпионы, WBA WORLD пойысының экс -чемпионы. Канело орта салмақтан кеткен соң, шайқассыз «суперчемпион» статусына өтті.

Болжам бойынша Муратада шанс аз. Тек самурайлық күш -жігермен шайқасып, Джо-Джойстың əдісін қолданса,  бəлкім… дейді аталмыш портал.

Айтпақшы, дереккөздер мәліметі бойынша ГОЛОВКИН жеңсе, 12, 3 миллион доллар, ал МУРАТА 4,1 миллион доллар алады.

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Алдыңғы

ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *