ӘлеуметЖаңалықтар

ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданының белсенділерімен кезекті кездесуінде хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

Әр мәселенің талқыға түскен жиынға маслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері де қатысты.

Абай ауданы бойынша жалпы 112 хаттамалық тапсырма берілген. Бүгінде оның 32-сі орындалып, 80 тапсырма жұмыс барысында.

Мысалы;

✔ «Қазығұрт» шағын ауданында А-2 «Алматы – Шымкент – Ташкент» тас жолына 2 жол белгісі және аялдама павильондары орнатылды.

✔ «Құрсай» шағын ауданы №283 орамдағы «Қостерек» көшесі мен «Жылысай» көшелерінің аралығына 100 метр баспалдақ орнатылды.

✔ «Алтынтөбе» тұрғын алабын табиғи газбен қамту жұмыстары барысында шкафтық реттеуіш пункті (ШРП) орнатылмай 21 үйге ШРП қойылды.

✔ Сыпырған ата мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысындағы бағдаршамға қосымша солға бұрылу белгісі (қызыл плюс) орнатылды.

Қала әкімі кездесулердің тиімділігі мен ашықтылығын ерекше атап өтті. Аудан белсенділері әрбір тапсырма бойынша пікір білдіріп, алғыстарын айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ГОЛОВКИН МЕН МУРАТАНЫҢ КЕПІЛДІ ГОНОРАРЛАРЫ ҚАНША? 

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР ЛИГАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *