Жаңалықтар

ҚУАНТАРЛЫҚТАЙ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА

Бұл күнде Шымкент қаласына ғана емес,  оның жанына орналасқан елдімекендерге де ерекше назар бөлініп, тұрғындарды қуантарлықтай істер атқарылуда. Бұл жөнінде Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданының прокуроры, аудандық полиция басқармасы, қалалық басқармалар және құзырлы мекеме өкілдерінің қатысуымен Қарабастау, Жалын, Жұлдыз тұрғын алаптары мен Жаңақұрылыс тұрғындарымен кездесуде айтылды. 

ҚАРАБАСТАУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА                            Былтыр Қарабастау тұрғын алабында  2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген болатын. Су алу қауіпі бар Ж.Қамбарұлы, Бойыт ата көшелеріне және Жалын тұрғын алабына баратын жолдың бойына жалпы ұзындығы 1428 метр ирригациялық арық (лоток) орнатылды.

2022 жылы Қарабастау тұрғын алабы Атажар, Жақсылық көшелеріне (3,2 шақырым, 76,6 млн. теңге) асфальт төсеу үшін конкурс өткізілді (мердігер мекеме «СТ сервис» ЖШС). Жұмыстар сәуір айында басталып, маусым айында аяқталуы жоспарлануда.

Қарабастау тұрғын алабындағы 860 абонент болса,  бүгінгі күнге 210 абоненттің электр бағаналары жаңартылды («Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ы тарапынан инвестициялық бағдарламасы аясында),   Жаңақұрылыс учаскелеріндегі 750 абонентке электр энергиясымен қамту жұмыстары (Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан) жүргізілуде. Жаңақұрылыс көшелеріндегі 1470 абонентке ауыз су жүргізу үшін былтырғы жылы жобалау сметалық құжаттама әзірленді, осы жылы құрылыс жұмыстарына қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталып, келесі жылға аяқталмақ.

Осындағы Жаңақұрылыс учаскелеріне табиғи газ жүргізу үшін жобалық сметалық құжат жасауға қалалық мәслихат сессиясында қаржы қаралып, жобалаушы мекемені анықтау үшін байқау жарияланды.

«Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен Қарабастау тұрғын алабында 2 жерде балалар ойын алаңшасы: Бойыт ата көшесіндегі спорт алаңшасының және Жаңақұрылыстағы спорт алаңшасының жанына салынбақ. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде. Жаңақұрылыс учаскелеріндегі мектеп оқушылары Жұлдыз тұрғын алабындағы №94 жалпы орта мектебіне автобуспен тасымалдануда.

ЖҰЛДЫЗ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА Былтыр Жұлдыз тұрғын алабы Дегерес көшесіне 1 шақырым шағал тас төселді, сонымен қатар, жыл басында Дегерес, Асубұлақ көшелеріне көше жарығы орнатылды (Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан).

2022 жылы 620 абонент, оның ішінде: «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ы тарапынан инвестициялық бағдарламасы аясында 430 абонентке жаңартылды. Жаңақұрылыс учаскесіндегі    484 абонент жаңа электр энергиясымен қамту жұмыстары Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жүргізілуде.

Осы алабтағы  көпқабатты 27 тұрғын үйді кәріз жүйесімен қамту үшін былтырғы жылы жобалау сметалық құжаттама әзірленді, осы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 445,7 млн. теңге (жергілікті — 45,7 млн., республикалық — 400 млн. теңге) қаралып, қазіргі таңда конкурс жарияланған. Жеңімпаз сәуір айында анықталады. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталады. Кәріз жүйесінің құрылысы аяқталған соң, көпқабатты үй аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары салынады.

Жаңақұрылыс көшелеріндегі 484 абонентке ауыз су жүргізу үшін былтырғы жылы жобалау сметалық құжаттама әзірленді, осы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін де қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталып, келесі жылға өтпелі.

Жұлдыз тұрғын алабындағы Жаңақұрылыс учаскелеріне табиғи газ жүргізу үшін жобалық сметалық құжат жасауға өткен қалалық мәслихаттың сессиясында қаржы қаралып, жобалаушы мекемені анықтау үшін конкурс жарияланды

ЖАЛЫН ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА     2021 жылы Жалын тұрғын алабында  6  көшеге асфальт жол салынды, атап айтсақ: Грушевая, Вишневая, Тенистая, Зеленая, Прохладная, Ябленовая (көше  ұзындығы- 3,0 км). Жыл басында Дачная көшесіне көше жарығы орнатылды.

Осы  алабтағы жекеменшіктегі 566 абоненттің электр желілері жаңартылып, 8 трансформатор орнатылды (Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан).

Биыл Васильковая, Цветочная, Солнечная көшелеріне (3,2 шақырым, 76,6 млн. теңге) асфальт төсеу үшін конкурс жарияланып, бүгінгі таңда мердігер мекеме («МАД Группс» ЖШС) анықталды.  Жұмыстар сәуір айында басталып, маусым айында аяқталу жоспарлануда.

Міне, Жұлдыз ауыл округіне қарасты елдімекендерде осындай қуанышты жаңалықтар орын алмақ.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ БАЛАЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *