ДенсаулықЖаңалықтарЖастар саясатыСпорт

СПОРТ ЖАҚСЫ ДАМУДА

Қазақстан Республикасы президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, мектеп оқушыларының арасында «Шымкент жастар лигасы» спорттық жарысы II-рет ұйымдастырылуда. Жарыстың негізгі мақсаты мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдаланып балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу және оларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау болып табылады.

Аталған жарыс 2021 жылдың 23 қазан айында бастау алып, 2022 жылдың 1 маусым күні аяқтау жоспарлануда.

«Шымкент жастар лигасына» спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 141 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысуда. Атап айтқанда, Абай ауданында — 37, Әл-Фараби ауданында -25, Еңбекші ауданында — 40, Қаратау ауданында – 38.Осы спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400 ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылған.

Бүгінгі күнде, спорттың ФУТБОЛ түрінен Еңбекші ауданында 37 команданың қатысуымен 3 — тур ойындары өткізілді. Қазіргі уақытта, 3- тур нәтижесі бойынша А- тобында №134 мектеп, Б –тобында 105 мектеп, С-тобында 65 мектеп, Д-тобында 40 мектеп көш бастап тұр.

Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші аудандарының командалары арасындағы ойындар Денсаулық, Буравестник, Динамо, Б. Саттарханов атындағы интернаттың футбол алаңдарында сәуір, мамыр айларында аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері өткізіліп, жеңімпаздар анықталады.

Спорттың ВОЛЕЙБОЛ түрінен Абай ауданы командалары арасындағы ойындар аяқталды. Ойын нәтижесінде А-тобында №50 мектеп, Б-тобында №118 мектеп, С-тобында №23 мектеп, Д-тобында №54 мектеп 1 орынға ие болып, финалдық кезеңге жолдама алды.

Осыған қоса, Әл-Ф араби командалары арасындағы ойындар аяқталды. Ойын нәтижесінде А-тобында №1 мектеп, Б-тобында №7 мектеп, С-тобында №129 мектеп, Д-тобында №64 мектеп 1 орынға ие болып, финалдық кезеңге жолдама алды.

Спорттың БАСКЕТБОЛ түрінен Әл-Фараби ауданы бойынша ойындар өз мәресіне жетті. Атап айтқанда, А-тобында №1 мектеп, Б-тобында №47 мектеп, С-тобында №9 мектеп, Д-тобында №8 мектеп 1-орынға ие болып, финалдық кездесуге жолдама алды. Қазіргі уақытта, Абай ауданында баскетболдан 3 – турдың нәтижесінде А-тобында №55 мектеп, Б-тобында 136 мектеп, С-тобында 87 мектеп, Д-тобында 133 мектеп көш бастап тұр. Қаратау, Еңбекші аудандарында ойындар сәуір айында басталады.

Спорттың ШАХМАТ түрінен Абай, Қаратау, Әл-Фараби аудандарында іріктеу кезеңдері аяқталды. Нәтижесінде Абай ауданында №87, №23, №2 дарын, №50 мектеп, Әл-Фараби ауданында №9, №1, №47, №45 мектеп, Қаратау ауданында №68, №89, №88, №69 мектептер жеңіске жетіп, финалдық кезеңге жолдама алды. Алдағы уақытта Еңбекші ауданында шахмат ойындары сәуір айында өткізіліп жолдама алатын 4 команда анықталатын болады.

«Шымкент жастар лигасы» жобасының финалдық кездесу ойындарын мамыр айында өткізіп, жеңімпаздарды анықтау жоспарлануда.

Жобаның ұйымдастырушылары:

— Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы;

— Шымкент қаласы білім басқармасы;

— Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы

Қосымша ақпарат: 8 /7252/ 39-13-59, 36-51-03

Анықтама телефоны: 8 707 750 90 60, 8 778 553 52 67

БИЫЛ 141 НЫСАН ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ 

Алдыңғы

№2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА СТЕНТ-ГРАФТ ЭНДОПРОТЕЗІН ОРНАТУ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *