Жаңалықтар

БИЫЛ 141 НЫСАН ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов шаһардағы жол құрылыс жұмыстарының барысы туралы БАҚ өкілдеріне баспасөз-брифингін өткізді.

Тұрғындар арасында Қонаев-Рысқұлов жолайрығы мен А-2 тас жолы құрылысы және әуежай маңындағы жаяу жүргіншілер жолы, веложолақ сапасына қатысты видеолар мен пікірлер тараған болатын. Мақсұт Пернебайұлы бұл жағдайларға жан-жақты жауап берді.

– Қонаев даңғылы бойынша жерасты жаяу жүргіншілер өткелін абаттандыру жұмыстары, сонымен қатар, жаңбыр және қар суларын бағыттайтын суағар жүйелерін орнату толығымен аяқталған жоқ. Қазіргі уақытта жер асты өткелінде жиналған су сорылып, қалыпқа келтірілді. Ал асфальт төсеу жұмыстары мердігер мекеме қаражаты есебінен атқарылады. Нақты айтқанда, құрылысқа жауапты мердігер «Базис-К» ЖШС-нен Қонаев-Рысқұлов көшелері қиылысындағы жолайрық әлі қабылданған жоқ. Маусым айының соңына дейін көрсетілген кемшіліктер жойылып, құрылыс жұмыстары аяқталатын болады. Ал әуежай маңындағы 0,6 шақырым жолдың кәріз жүйесін мердігер «ЭнСаф» ЖШС жүргізген. Енді аталған жолдағы кемшіліктер жауапты мердігер тарапынан ретке келтіріледі, – деді қала әкімінің орынбасары.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан биыл жалпы 141 нысан құрылыс, жөндеу жұмыстарымен қамтылады: құрылыс және қайта жаңарту – 19 нысан (51,5 шақырым), орташа жөндеу – 121 нысан (223,8 шақырым, 291 көше), күрделі жөндеу – 1 нысан (19,3 шақырым).

Сонымен қатар, 150 орынға аялдама орнату және аудан әкімшілігі тарапынан бекітілген көшелерге шағал тас төсеу жоспарлануда.

Өткен жылдың нәтижесі бойынша қаладағы асфальт жолдардың үлесі 63,6 %-ға жеткен еді. Асфальт жол үлесін 2022 жылы 67,4 %, 2023 жылы 71,2 %, 2024 жылы 75 %, 2025 жылы 79 %-ға ұлғайту жоспарда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

КҮН ТӘРТІБІНДЕ БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Алдыңғы

СПОРТ ЖАҚСЫ ДАМУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *