Жаңалықтар

ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 61 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он төртінші сессиясында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Б.Әзімбердиев мәлім етті.

Халық қалаулыларына 2021 жылдың қорытындысын баяндаған сала жетекшісі өткен жылы қала экономикасына 462 млрд. теңгенің инвестициясы тартылып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 61%-ға артқанын айтты.

«2021 жылға межеленген жоспар 15,5%-ға аса орындалды. Өткен жылы 100 млрд. теңгеге 54 инвестициялық жоба жүзеге асты. Оның ішінде, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2021 жылы 16,1 млрд.теңгеге 593 жұмыс орнын құрумен 15 жоба іске қосылды»,-деді Б.Әзімбердиев.

Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бағытында 2021 жылдың қорытындысымен инвестициялық штабтың 16 отырысы өткізіліп, 157 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ 1 СӘУІРДЕ АЯҚТАЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *