АймақӘлеуметЖаңалықтарМәдениет

ШЫМКЕНТТЕ «КӨКТЕМ-2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

Шымкент қаласында екі күнге созылатын республикалық «Көктем-2022» командалық-штабтық оқу жаттығуы басталды.

Бадам өзені маңында өтіп жатқан оқу-жаттығу биылғы су тасқыны кезеңінде ықтимал төтенше жағдайларды жою шараларына азаматтық органдарының күштері мен құрылдарын дайындығын тексеру, әрі іс-әрекетті пысықтау үшін ұйымдастырылып отыр.

Оқу-жаттығу барысында Шымкент қаласының аумағында каналдарды, арықтарды, суағарларды тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шара аясында су тасқыны орын алған жағдайда тұрғын үйлерді су басу қатерін жою кезінде Бадам өзенінің арнасын өзгерту, өзен бойындағы қауіпті учаскелердің түбін тереңдету және жағалауын нығайту бойынша жұмыстарды практикалық түрде көрсетілді.

Осындай пракикалық іс-шаралардың бірі Еңбекші ауданы Жылан бұзған елді мекенінде де ұйымдастырылды.  Практикалық жаттығуға құрылыс, жайлы ортаны дамыту басқармасы, қаланың ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі, «Қазселденқорғау» Оңтүстік өңірлік пайдалану-техникалық басқармасы, Апаттар медицинасы орталығының, жедел медициналық көмек бригадалары қатысты.

Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 50 адам және 12 техника жұмылдырылған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ПАЛУАНДАР ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

ТҰРАНДАҒЫ ШУДЫҢ ШЫНДЫҒЫ: БАС ЖОСПАР ӘЛІ БЕКІТІЛГЕН ЖОҚ.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *