АймақӘлеуметЖаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақстанда «Көктем–2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. 3-4 наурыз күндері жалғасатын іс-шара көктемгі су тасқының алдын алуға бағытталған. Осыған орай Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында су тасқынына қарсы іс-шараларды басқару бойынша жедел штаб ұйымдастырылды. Оған құтқарушылардар бөлек қаладағы төрт аудан әкімдігі, түрлі басқармалардың өкілдері мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, полиция, денсаулық сақтау, әскери бөлімдердің қызметкерлері, «Қазгидромет», «ҚазТрансГаз» секілді компаниялардың мамандары қатысты.

– Оқу-жаттығу сценариі бойынша 2 наурыздан 3 наурызға қараған түні жауған қатты нөсер жаңбыр мен қардың еруі салдарынан Бадам өзені тасып, арнаның бағыты күрт өзгеруі мүмкін. Еңбекші ауданына қарасты Жыланбұзған елді мекеніндегі үйлерді су басу қаупі туралы ақпарат келіп түседі. Осыған орай бүгінгі жаттығу барысында оқиға орнына өрт-құтқару бөлімшелерінен 11 маман және 2 техника жіберіледі. Жұмылған жұмыстың нәтижесінде қауіптің алдын аламыз, – дейді қалалық ТЖД бастығы Мадияр Жақсыбаев.

Айта кетейік, оқу-жаттығу штабы су тасқыны жағдайы туралы деректерге талдау жүргізеді және қаланың басқару органдарын, қалалық азаматтық қорғау қызметтерін, күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру жоспары іс-шараларының орындалуына бақылау жасайды.

«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев, Фото: Серік Қосаев

ИГІЛІК ТҰРҒЫН АЛАБЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ  

Алдыңғы

ЖАСТАР АРАСЫНДА ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ, ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ ТАНЫМДЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *