АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ҮЙЛЕР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл жылы Әл-Фараби ауданы аумағында 31 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда үйлердің хаттамасы толтырылып, Тұрғын үй басқармасына ұсыныс жолданды.

Бүгінде Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі немесе ағымдағы жөндеу жұмыстарына өтініш білдірген тұрғындар мен үй басқарушыларына, көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен бірлесе түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп, жиналыстар ұйымдастыруда.

Бағдарламаның талаптарына сәйкес, тұрғындардың қалауы бойынша өздері тұратын үйдің қасбетін, шатырын, кіреберісін немесе жертөлесінде жөндеу жұмыстарын жүргізген соң, кеткен шығындарды мемлекетке 10-15 жылға бөліп төлеуге мүмкіндіктері бар. Бірақ, мұндай күрделі жұмыстарды жүргізу үшін көпқабатты үйде тұратын тұрғындардың 70 пайызының келісімі қажет. Осыған орай, егер сіздерге көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу бойынша сұрақтар туындаса Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты коммуналдық шаруашылық бөліміне 53-04-00 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 51 ҮЙДІҢ АУЛАСЫ ЖӨНДЕЛЕДІ

Алдыңғы

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚАЛА ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *