АймақӘлеуметЖаңалықтар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 51 ҮЙДІҢ АУЛАСЫ ЖӨНДЕЛЕДІ

Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек қала әкімдігінің «Instagram» парақшасындағы тікелей эфирде «Халық қатысатын» бюджет жобасы бойынша атқарылатын жұмыстарды баяндады.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы – бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осы жоба аясында 2021 жылдары тұрғындардан аулаларды жаңартуға және ойын алаңшаларын қайта құру үшін 80 өтінім келіп түскен. Дауыс беру арқылы 67 өтінім жұмыс жоспарына енгізілді.

Тұрғындардың ұсыныстары ІІ кезеңмен іске асыру көзделген. Қазіргі таңда 36 өтінім бойынша 51 үйдің ауласын жөндеу және ойын алаңшаларын қайта құруға қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Қалған 31 ұсынысқа қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім берілді.

Биылғы «Халық қатысатын бюджет» жобасына маусым айында ұсыныстар қабылданады. Жобаға тұрғындар өздерінің қажеттілігіне қарай аумақты көгалдандыру, тротуар мәселесі, ортақ пайдалану орындарын құру, қоқыс тастайтын жерлерді жою, демалыс аймағын салу және спорт алаңшаларын орнату бойынша ұсыныстар беруіне болады.

Эфир барысында тұрғындардан 60-қа жуық сұрақ келіп түсті. Сұрақтар балалар ойын алаңшасы, абаттандыру, көгалдандыру және әлеуметтік төлемдер төңірегінде болды. Аудан әкімі сауалдарға жауап беріп, ұсыныстарын «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім беруге болатынын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«ӘЛЕМ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН»

Алдыңғы

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ҮЙЛЕР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *