АймақЖаңалықтарСпорт

ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД АТУДАН ҚР КУБОГІ ӨТУДЕ     

Шымкент қаласында 20-27 ақпан аралығында стенд атудан ҚР Кубогінің I-ші кезеңі мен Шымкент қаласы кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің ашық турнирі өтуде. «Элдорадо» спорттық кешенінде өтіп жатқан жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сонымен қатар Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстарынан 100-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыстың мақсаты — Қазақстан Республикасында Стенд ату спортын танымал ету, спортшылардың шеберлігін шыңдау, оларды алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау. Спорт додасында Азия ойындары, Азия Чемпионаттары мен «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсететін болады.

Жарыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, көрермендердің қатысуынсыз (бос трибуналарда) өткізілетін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЗАҢСЫЗ НЫСАНДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ  

Алдыңғы

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ ӨНДІРЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *