АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ АЯСЫНДА КӨТЕРІЛГЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  

Бүгін Шымкент қаласы Ж.Шанин атындағы драма театры ғимаратында таңертеңнен кешке дейін азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Тұрғындарды қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков, қалалық басқармалар мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, Әділет департаменті, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті мен «Отбасы» банк басшылары қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға жазылған 100-ден астам қала тұрғындарының басым көпшілігі баспанамен қамту өтінішін жеткізді. Сұраныстары бойынша дәл қабылдау кезінде нақты мәліметтері мен кезек реттері тексеріліп, мәселелерін шешу жолдары қарастырылды.

Қалалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше, биыл 54 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 476 көпбалалы отбасыға және 218 халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы мен 857 жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтерлер үлестіріледі. Жалпы алғанда 1605 отбасын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжаймен қамту жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, жыл соңына дейін кредиттік тұрғын үй бағыттары бойынша (5-20-25 және 7-20-25) 2096 азаматты тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Алайда, тұрғын үй кезегіне тіркелушілер қатары да артып келеді. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша баспана алу кезегінде 48 623 азамат тіркелген. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық дерекқорының сервисі қолданылуда.

Қоғамдық қабылдау барысында қала тұрғындары, сондай-ақ, әлеуметтік көмек пен жұмыспен қамту өтініштерін жеткізді. Тұрғын үй кезегі келмеген, алайда баспанаға мұқтаж азаматтарға Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдау ақысын субсидиялау тетігі де түсіндірілді. Субсидия табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын 1,2 топ мүгедектігі бар азаматтарға, жетім балаларға, көпбалалы және мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасыларға ұсынылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ АЙТЫЛДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ 9 ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *