АймақӘлеуметЖаңалықтар

ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ АЙТЫЛДЫ

Шымкент қаласында биыл 4 нысанда ауыз су құрылысы жүргізіледі. Ол жұмыстар Құрсайда 1,2 кезек, Асар-2-де, 2 кезек және Нұртас шағын ауданында атқарылатын болады. Бұл жөнінде Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков әкімдіктің ресми @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты.

Спикердің мәліметі бойынша, жыл қорытындысымен Құрсай елдімекеніндегі құрылыс жұмысы аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі.

«Қазіргі таңда, қаладағы 81 елді мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал қалған 3 елді мекен ауыз суды кестемен (Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ) тұтынып отыр. 2022 — 2023 жылдары аралығында ауыз суды кестемен пайдаланатын 2 елді мекенде (Сайрам, Қайнарбұлақ) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылы Шымкент қаласының тұрғындары 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады»,-деді басқарма басшысы.

Тікелей эфир барысында сала жетекшісі биылғы жылы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде 65 мың адам кәріз жүйесіне, 22 мыңға жуық халық сапалы электр қуатына және 20 мыңнан астам адам табиғи газбен қамтылатынын мәлім етті. Эфирдің кезінде тұрғындар тарапынан 80-ге жуық сұрақ келіп түсті. Ауыз су, газ, сапалы электр жарығы мен көшені жарықтандыру бойынша қойылған сұрақтарға басқарма басшысы 2025 жылға дейін аталған мәселенің барлығы 100 пайыз шешілетінін жеткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖАСТАР ЕРКІН ФОРМАТТА ПІКІР АЛМАСТЫ

Алдыңғы

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ АЯСЫНДА КӨТЕРІЛГЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *