АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

109 ОРТАЛЫҒЫНА 200 МЫҢНАН АСТАМ АРЫЗ-ШАҒЫМ ТҮСТІ  

«Шымкент ситуациялық 109 орталығының» басшысы Азат Амиртаев 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, орталыққа қала тұрғындарынан 200 646 арыз-шағым мен түрлі тақырыпта кеңестер келіп түскен. Оның 99,8% орындалып, қалған 415 арыз-шағым жауапты мекемелер тарапынан қаралу үстінде.

Қала тұрғындары өз арыз-шағымдарын көбіне біріңғай 109 нөмірі арқылы жолдаған. Есепті кезеңде 177 091 қоңырау түскен. WhatsApp мессенджерінен 15 276, Instagram әлеуметтік желісінен 5 735 шағым, Facebook желісінен 2 229 және Telegram-bot арқылы 315 арыз-шағым тіркелді. Ситуациялық орталықтан 2021 жылы тұрғындар 165 536 кеңес алған. Мамандар тарапынан қоғамдық көлік бойынша 54 553, жарық мәселелері 53 818, «Төлем» жүйесіне қатысты 42 728, байланыс нөмірлерді анықтау 26 100, Атаулы әлеуметтік көмек (АСП) сұрақтары 20 338 және су мәселелері бойынша 15 675 кеңес берілген. Сонымен қатар, орталық қызметкерлеріне арыз-шағымдарын уақытылы орындап, мәселелерін шешуге көмектескені үшін тұрғындардан 2 393 алғыс та келіп түскен.

Мекеме басшысының сөзінше, қаланың дамуы мен көркеюіне, білім, жол, медицина және басқа салаларда атқарылып жатқан қызметтің сапасын көтеру, мәселелерді тез әрі оңтайлы шешілуі бойынша 1 205 ұсыныс тіркелген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚҰРСАЙ 2022 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА САПАЛЫ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ  

Алдыңғы

«I-KOLIK»- КЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ 90 ПАЙЫЗЫ ЕНДІРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *