АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ҚҰРСАЙ 2022 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА САПАЛЫ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ  

Абай ауданы Құрсай шағын ауданы 140 гектар аумақта орналасқан. Шағын ауданның жаңақұрылыс аумағына №282 және 283 орамдар кіреді. Бүгінде елді мекенде 2 мектеп, 3 бала бақша және спорт алаңшасы бар.                     ⛹️‍♂️Биыл 3 спорт және балалар алаңшасын орнату үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.                           🔥Құрсай шағын ауданына электр жарығы мен табиғи газ толығымен тартылған.               🚰 Ауыз сумен қамтылуы 80 пайыз. Қазірде шағын ауданның қалған бөлігі мен 282, 283 орамдарға сапалы су жеткізу үшін 2021 жылы «Реолит» ЖШС құрылыс жұмысын бастаған. Пайдалануға беру мерзімі осы жылдың соңына дейін жоспарланған.                              💡282 орам электр жарығын жекеменшік жүйеден алып отыр.                                                🔥Табиғи газ бен сапалы электр қуатын тарту үшін биыл жобалық сметалық құжат әзірленеді.                                       🚰283 орамды сумен қамту мақсатында 4 жерден колонка қазылған. Құбыр тарту жұмысы аяқталып, осы жылдың соңына дейін сапалы суға қол жеткізеді.                        💡Электр жарығы үшін биыл құрылыс жұмысы жүруде. Бұл жұмыстар шілде айында аяқталуы жоспарланғын. Табиғи газ үшін осы жылы жобалық сметалық құжат әзірленеді.                                       🛣️Өткен жылы Құрсайда екі көшеге шағал тас төселді. Биыл тағы 7 көшеге тас төселіп, екі көше асфальттанады. Сонымен қатар, 2022 жылы Жеті жар көшесі мен З.Сатқанбай көшесіне жарық шамы орнатылады.                                  🏥Құрсайда ең өзекті болып табылатын емхана мәселесін инвестор тарту арқылы шешу көзделген.                                       🛰️Сапалы интернет бойынша «Кар-Тел» компаниясының базалық станциясы орнатылды. Цифрландыру басқармасы тарапынан №49 мектеп маңына антенна-матчталық құрылғысы қойылып, байланыс операторлары базалық станцияларын орнатуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

АССАМБЛЕЯ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ӨЗЕКТІ 

Алдыңғы

109 ОРТАЛЫҒЫНА 200 МЫҢНАН АСТАМ АРЫЗ-ШАҒЫМ ТҮСТІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *