Әдебиет

ЖЫЛАН ЖҰТҚАН КҮН

                (Әңгіме)

Хуэйинь ұйқысынан шо­шып оянды. Жасанды талшықтан жасалған жұ­мсақ көрпесін үстінен ысырып тастап, тер­езе алдына келді. Ух­аньның жымыңдаған мың сан оттары түнге де тыныштық бермепті. Ағылған көліктер ар­ы-бері тынбай зырлай­ды. Он бір миллион адамды бауырына басып жатқан алып қаланың ұйықтауға хақысы​ жоқтай, мың бояумен құлпырады.
Хуэйинь атқақтаған жүрегі орнына түскен­ше таңғы ауада кең тыныстап тұрғанды жөн көрді.
Уханьның аспанынан жұлдыз көрмегелі қан­ша жыл. Оның бәрі же­рге ағып түскендей, қаланың әсем көшелер­інде жарқырайды. Қон­ақүйлер мен мейрамха­налардың маңдайында жымыңдайды. Бастарын бұлт шалған ғимарат­тардан асып, күн сәу­лесі жерге жетемін дегенше уақыт та бірт­алай болып қалады. Бірақ, Уханьның халқы жерге жарық түспеді деп қарап отыратын елден емес. Тәуліктің қай сағатында да құмырсқадай қыбырлап қайнап жатады. Жер деп аталатын желбуаз ғаламшар Ухань халқы­ның тынымсыздығының арқасында амалсыз дө­ңгелеп жатқандай. Ху­эйинь өз ойына өзі езу тартты.
Ухань бір сәтке дем­алса​ қалай болар екен, ә? Тумысынан ты­ным таппаған қалада бір сәтке тыныштық орнаса, әлем де дамыл­дап қалатындай көрін­ді. Тіпті, сағаттың тілі тоқтап қалар-ау­…
Киініп жатып «бүгін Си Джо келе ме екен­?» деп ойлады. Оған не болды екен? Онсыз да күркілдек өкпесі тағы сыр берді ма?
Таңсық асқа шақырған Си Джо кейін хабар­сыз кетті. Анығы сол кештен кейін көрінб­еді.
Хуанань базарында жолақты жыланның етін сататын осы жігіттің Хуэйиньге көңіл қо­йып жүргеніне жылдар болыпты. Күрк-күрк жөтелгенде қызарып барып, Хуэйиньге сығы­рая көз тастайтынын маңайдағы сатушы ата­улы түгел білетін. Хуэйинь ғана жібімей жүрген. Алып Уханьның мың тарау көшесінде адасып кеткен ақ боз атты ханзадасын күте-күте шаршаған Ху­эйинь сол күні құрбы­сы Лаоның кеңесімен тағдырының талғамына амалсыз мойынсұнып, Си Джомен дәмханаға баруға келісімін бе­рген еді.
Екеуі кешкісін Хуан­ань маңындағы ортаңқ­ол дәмханалардың бір­іне бас сұқты. Мұнда жылан етінен жасалғ­ан ащы күріш ботқасы арнайы сатылады. Әс­іресе, суық күнде ке­лушілердің көп болат­ыны үйреншікті жәйт.
Куайцзысын әр тоста­ққа бір сұғып отырып екеуі ұзақ әңгімеле­сті. Жылытылған шарап ішкен. Сосын Хуана­ньның уайымсыз көшел­ерін аралап, әнебір бұрышта үнемі сыңсит­ын эрхудің үнін ұзақ тыңдап үйіне қайтқа­н.
Одан кейін тағы апта аралады. Си Джодан сол күйі хабар болм­ады. Күрк-күрк жөтелі қысып, демікпесі қайта қозып жатыр ма, кім білсін?
Осы ойларды ойлай жүріп жұмысына асыққан Хуэйинь жеделсатыд­ан зыр етіп түскенде оттары жарқыраған таныс көше тағы қарсы алды. Алып шаһарды басып алған түсіндегі түтіндей аспан әлі қап-қара. Бозармаға­н. Орталық базарға алып баратын метрода сығылысып тұрып түсін есіне түсірген.Сол күнгі кесесіндегі шұбар жылан ирелеңдеп шығып мойнына асылды ма-ау? Си Джо болса күрк-күрк жөтелген кезіндегі қылқынып қалатыны секілді​ қарлыққан дауыс шығарып көзі аларып бара жатқан. Әр үстелден мыңдаған жылан сусып түсіп есікке бет алып, Хуананьның кең көшелерінде ирелеңдеп барады. Шығыс тұстан алып айдаһар қабат-қабат үйлердің төбесінен төніп, от шашады. Қою түтін аспанды алып, күннің бетін жауыпты. Мұның мойнына оралған алашұбар крайт қылқындырып барады. Алысып жатып оянып кеткені…
Хуэйинь сол күні алдындағы жыбырлаған асшаяндардың мақтауын келтіріп кешке дейін тұрды. Тамағы жыбырлап, күркіл қосылды. Ыстық сорпаға әуесі кетті.
– Хуэйинь суықтап қалыпсың ғой. Жарқанат сорпасын алдырайын ба? – деген Лао. Сосын екеуі шылымшық қанатты ыстық сорпаны сораптаған.
– Адамның етінен асқан дәрі жоқ дейді. Оның сорпасы барлық ауруға ем екен. Солай ма, Дзэнзэн? – Лаоның білмейтіні жоқ.
Анадайда асшаян ұнтағын сататын Дзэнзэн алымшысын жіберіп, ақырын аяңдады.​
– Янцзының сол жақ жағалауында сондай бір жерді білемін, – деді жақындап келіп қарлығыңқы дауыспен.
– О-о-о, Дзэнзэн бәрін біледі! – Лаоның даусы қаттырақ шығып кетті.
– Жас күнімде сонда жұмыс істедім, – деді Дзэнзэн кәрі жанарын сығырайтып. – Аспазшы болдым. Онда кіру сен ойлағандай оңай емес. Біріншіден қалтаң көтермейді сенің Хуэйинь.
– Мұндай жеңсік асты даярлауды қайдан үйрендің Дзэнзэн?
– Әжем Биюден. Елді аштық жайлағанда адамдар балаларын бір-бірімен айырбастап пісіріп жеген. Елдің қарны тойған соң да бұл әдет болып қалып қойды ғой. Мұны тағы барлық ауруға ем болады деп саналарына сіңіріп алды. Менің кішкентай Минчжуым да осылай құрбан болды… Ол кішкентай ғана еді. Аурушаң болды. Әжем оны бәрібір адам болмайды деп көрші Хуанхаға сатты.

Сол күнгі кесесіндегі шұбар жылан ирелеңдеп шығып мойнына асылды ма-ау? Си Джо болса күрк-күрк жөтелген кезіндегі қылқынып қалатыны секілді​ қарлыққан дауыс шығарып көзі аларып бара жатқан. Әр үстелден мыңдаған жылан сусып түсіп есікке бет алып, Хуананьның кең көшелерінде ирелеңдеп барады. Шығыс тұстан алып айдаһар қабат-қабат үйлердің төбесінен төніп, от шашады. Қою түтін аспанды алып, күннің бетін жауыпты. Мұның мойнына оралған алашұбар крайт қылқындырып барады. Алысып жатып оянып кеткені…
Хуэйинь сол күні алдындағы жыбырлаған асшаяндардың мақтауын келтіріп кешке дейін тұрды. Тамағы жыбырлап, күркіл қосылды. Ыстық сорпаға әуесі кетті.
– Хуэйинь суықтап қалыпсың ғой. Жарқанат сорпасын алдырайын ба? – деген Лао. Сосын екеуі шылымшық қанатты ыстық сорпаны сораптаған.
– Адамның етінен асқан дәрі жоқ дейді. Оның сорпасы барлық ауруға ем екен. Солай ма, Дзэнзэн? – Лаоның білмейтіні жоқ.
Анадайда асшаян ұнтағын сататын Дзэнзэн алымшысын жіберіп, ақырын аяңдады.​
– Янцзының сол жақ жағалауында сондай бір жерді білемін, – деді жақындап келіп қарлығыңқы дауыспен.
– О-о-о, Дзэнзэн бәрін біледі! – Лаоның даусы қаттырақ шығып кетті.
– Жас күнімде сонда жұмыс істедім, – деді Дзэнзэн кәрі жанарын сығырайтып. – Аспазшы болдым. Онда кіру сен ойлағандай оңай емес. Біріншіден қалтаң көтермейді сенің Хуэйинь.
– Мұндай жеңсік асты даярлауды қайдан үйрендің Дзэнзэн?

– Әжем Биюден. Елді аштық жайлағанда адамдар балаларын бір-бірімен айырбастап пісіріп жеген. Елдің қарны тойған соң да бұл әдет болып қалып қойды ғой. Мұны тағы барлық ауруға ем болады деп саналарына сіңіріп алды. Менің кішкентай Минчжуым да осылай құрбан болды… Ол кішкентай ғана еді. Аурушаң болды. Әжем оны бәрібір адам болмайды деп көрші Хуанхаға сатты. Сол күні Хуанханың үйінің мұржасынан қою түтін будақтап, шарапқа мас болған дауыстар жарқын-жарқын шығып жатты…

Хуэйиньнің жағдайы үш күннен кейін тіпті нашарлады. Жарқанат сорпасы да, түрлі емдік шөптердің қайнатпасы да, тіпті дәрігердің еккен инесі де әсер етпеді. Төртінші күні жыбырлаған шаяндарының үстіне дем жетпей құлаған асшаян сатушысын жедел жәрдем көлігі алып кетті.

Хәл үстінде жатқан Хуэйиньнің түсіне жолақты крайт қайта-қайта енетін болды. Енді бірде кеудесін қысып дем алдырмайды. Бірде өзіне жалғанған аппараттардың сымдары жылан болып көзін арбайды.​
Си Джо да хабарсыз кетті. Дзэнзэн айтқан мекенге барып, жеңсік асқа тапсырыс берсе мүмкін бар ауруынан айығып кетер ме еді?
– Дәрігер, маған не болды? – дейді жаны қиналған сәтте Хуэйинь қымтанған емдеушінің көзайнегіне жанарын қадап.
– Сіз қауіпті вирус жұқтырдыңыз. Әзірге ешқандай емі табылмай тұр.
– Емі жоқ ауру бола ма? Мені босатыңызшы, мен өзімді қалай емдеуді білемін.
– Бұл белгісіз дерт бүкіл Уханьға жайылуда. Нақты себебін таппай жатырмыз. Сол үшін де сізді жібере алмаймын.
Хуэйинь жылан сымдардың арасында арпалысып қанша күн жатқанын есептей алмады. Тек күннен күнге жағдайының нашарлап бара жатқанын ғана сезеді.
Алпауыт қаланың у-шуын сағынып терезеден тың тыңдайды. Тыныштық. Мына Ухань әнеукүні өзі ойлағандай ұйықтап кеткен тәрізді. Ухань дамылдаса әлем дамылдайды дегені қайда? Сағат тілі де Уханьның жүрегіндей жүрісін баяулатқан ба? Тек аппараттың ғана «шиқ-шиқ» еткен дауысы естіледі. Енді ол да бірте-бірте баяулай түскендей.
Си Джомен жылан жеген күнін еске алды. Жасы жер ортасына жақындағанда жүрегін жібітіп еді-ау. Жаңа өмірге қадам қойғысы келген. Жылан жұтқан күннің Си Джоның да басын жұтқанын іштей сезді. Жанарына келген жасты сүрте алмады.​
Палатаның батыс жақ терезесін күннің соңғы нұрлары жалап өтті. Қызыл күн төбесі көк тіреген айырбас ғимараттың арандай аузына жұтылып бара жатқандай батып барады. Айналаны қараңғылық тұмшалады. Түсіндегі айдаһардың аузынан бүккен қара түтіндей қою түн Уханьның үстіне қара бояуын жағып жатты. Қала жабылды. Қым-қуырт тіршілік толас тапты. Әлемнің де жүрек қағысы баяулай бастады.
Жыландай ирелеңдеген Янцзы ғана жылыстап ағып жатты. Уақыттай.​
Бір сәтке тыным тапқан Уханьның демімен бірге Хуэйиньнің демі де мәңгілікке дамылдады…
Бақтыгүл АУДАНОВА

БИЫЛ 800-ДЕН АСА ЖАС ЖАЛДАМАЛЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛУ ЖОСПАРЛАНУДА  

Алдыңғы

СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *