АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

БИЫЛ 800-ДЕН АСА ЖАС ЖАЛДАМАЛЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛУ ЖОСПАРЛАНУДА  

Шымкент қаласында биыл 1605 пәтер сатып алу құқығынсыз азаматтардың пайдалануына берілу жоспарланып отыр. Оның ішінде: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар -54, Көпбалалы отбасылар-476, Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы-218, жұмыс істейтін жастар – 857.Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз брифингінде Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысы Ғалымжан Утенбаев мәлімдеді.

Биылғы жылы жастар бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау әзірге басталған жоқ. Бұл бойынша азаматтардан өтінімдер қабылдау басталатыны туралы хабарлама барлық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және жергілікті арналар мен басылымдарда алдын ала жарияланатын болады. Айта кету керек, өткен жылы 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін 300 жас сатьп алу құқығынсыз жалдамалы баспанмен қамтылған болатын. Жалға берілетін баспанаға жалпы білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін атқарып жатқан азаматтар, жас отбасылар, нарықта сұранысқа ие 100 мамандықтың тізіміне сәйкес кәсіптерді игерген азаматтар, жас кәсіпкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері соңғы 6 айда зейнетақы аударымдары мен 40 айлық есептік көрсешітік табысы бар, 29 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары өтініш бере алады. Азаматтардың өтінімдері балдық жүйе арқылы есептеледі. Жастар бағдарламасы бойынша берілетін арендалық пәтерлердің сатып алу құқығы жоқ, 5 жыл мерзімде жалға беріледі.

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫН БЕРУ ҮЛЕСІ 4 ЕСЕГЕ АРТҚАН

Алдыңғы

ЖЫЛАН ЖҰТҚАН КҮН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *