АймақЖаңалықтарҚоғам

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ЕСКЕРІЛДІ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауынан кейін «Тұран-2» шағын ауданындағы әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қарастырылған тұрғын үйлерді аралады. Қабылдауда болған Салтанат Есбосынованың өтініші бойынша жаңа баспаналардың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлылығын тексерді. Қала тұрғыны 2012 жылы 1-2 топ санаты бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген. Бүгінде жаңадан бой көтерген тұрғын үйдің бірінші қабатынан 1 бөлмелі пәтермен қамтамасыз етіліп отыр. Алайда, жуынатын бөлме есігінің тарлығына наразы. Айтуынша, мүгедектер арбасының көлемі ескерілмеген. Қала әкімінің орынбасары бұл кемшілік бойынша қалалық құрылыс басқармасы мен мердігер компания өкілдеріне қатаң ескерту жасап, пәтерді осы азаматтардың ыңғайлығына сай түзеуге уақыт берді.

-Болашақта ешкімнің өміріне немесе денсаулығына кепіл жоқ. Сол себепті үйді өздеріңе арнағандай салу қажет. Таяу уақыт ішінде бұл кемшілікті жойып, ыңғайлы пәтермен қамтамасыз етуіміз керек. Түптеп келгенде тапсырылған нысанның кепілдік мерзімі де өтпеген, — деді Ерғали Білісбеков.

Сондай-ақ, қала басшысының орынбасары тұрғын үйлердегі пандустар мен аулалардың абаттандырылуын бақылады. Айтуынша, жаңа баспаналардың жобалау құжатында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың талабы қатаң ескеріліп, пәтерлер тек төменгі қабаттарынан үлестірілуі тиіс. Алдағы уақытта «Тұран-2» шағын ауданынан әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арендалық үймен қамту мақсатында тағы 9 үй қала меншігіне өткелі отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ  

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ 900 АЯЛДАМА ОРНАТЫЛАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *