АймақЖаңалықтарҚоғамТехнология

ҚАЛА ӘКІМІ ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЛҒАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Д.Қонаев даңғылы жалғасының құрылысын аралап, мердігерлермен кездесті.

Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезеңі бойынша мемлекет мұқтажы үшін алынған 18 үйді сүру жұмыстары аяқталды. Сонымен бірге Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелін салу бойынша инженерлік желілердің орындары ауыстырылып, Қонаев даңғылымен Тәуелсіздік көшесі қиылысындағы тоннель өткелі бойынша свай қағу жұмыстары атқарылуда. Нысан келесі жылға өтпелі болып жоспарлануда. Ал, Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі аралықта салынып жатқан Қонаев даңғылы құрылысының 3 кезеңі бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020-2022жж аралығына жоспарланған. Кезеңнің жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метр.

Қазіргі уақытта оң жақ тіреу қабырғаларының жұмысын жалғастыру үшін темір жолдан Бөгет көшесіне дейінгі нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ӨТЕТІН ТОННЕЛЬ ҚҰРЫЛЫСЫ КӨКТЕМДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *