АймақЖаңалықтарҚоғам

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкентте өткен жылы пробация есебінде тұрған 200-ге жуық жас жұмыспен қамтылған. Бұл туралы қалалық жастар ресурстық орталығында өткен кездесуде орталықтың бөлім басшысы Дінмұхаммед Қанатұлы мәлімдеді.  Спикердің айтуынша, жалпы қалада пробациялық есепте тұрған 500-ден астам жас пен аутрич, neet санатындағы жастарға арнайы кездесулер ұйымдастырылған. Нәтижесінде, 200-ге жуық жас екі қолға бір күрек ұстаған.

– Жалпы, аутрич және neet санатындағы жастарды біз үш топқа бөліп қараймыз. Бірінші топта жұмыс істеуге және оқып, жетілуге ниетті жастар санаты кіреді. Бұл топтағы жастарды өтпелі кезеңдегі neet санаты деп те атауға болады. Екінші топта жұмыс істеп, оқу оқуға мүмкіндігі немесе қаржылық жағдайының болмауымен байланыстырады. Ал үшінші топтың жастары мүлдем білім алып, жұмыс істеуге талпынбайтын жастарды құрайды. Осындай жастардың алдын алу мақсатында біздің бөлімнің мамандары қаладағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға арнайы кездесулер ұйымдастырады. Жұмыссыз жүрген және тұрақты табысы жоқ жастарға мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін түсіндіріп, жұмыспен қамту орталықтарына жолдаймыз, — деді бөлім басшысы.

Кездесуге келген Абай аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыссыз жүрген жастарға мемлекеттен қолдау көп екенін айтты.

– Оқу бітіріп, арнайы маман атанғандарға жастар практикасы жол көрсетеді. Бұдан бөлек, 1 жылдық келісім-шартпен қоғамдық жұмыстарға тарту ісі де қарқынды. Ал, «Еңбек» бағдарламасының шарапаты тым бөлек. Жоба бойынша қайтарымсыз қаржы алып, кәсіп ашып жатқан жастардың қарасы қалың. Қысқа мерзімді оқу оқып та екінші мамандыққа ие болуға мүмкіндік қарастырылған. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік осал топ азаматтары, жетім балалар, аз қамтылған отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, — дейді Амангелді Темірбаев.

«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ» – А.ЖӘДІГЕРҰЛЫ

СПОРТШЫЛАР САУЛЫҚТЫ НАСИХАТТАЙДЫ

Алдыңғы

АГРС-3 НЫСАНЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛҒАНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *