АймақЖаңалықтарҚоғам

ҚАЛА АУМАҒЫНДА СУ СОРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 

Шымкентте демалыс күндері басталған жауын-шашын әлі толастар емес. Қазіргі таңда қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, көшелер мен жолдардағы суды сору жұмыстарын жүргізуде.

Мол жауын-шашынның салдарынан жиналған арық-жылғалардағы суды сору жұмыстарына Әл-Фараби ауданында 5 ассенизаторлық машина, 2 мотопомпа құрылғысы және 57 жұмысшы тартылды. Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін бөлінген 7 секторда кезекшілік құрылып, бекітілген мамандар өз аумақтарында ирригациялық арықтарды судан тазартуда.

Бүгінде басты және ішкі орамдық көшелер мен жол бойындағы ирригациялық жүйелер тұрақты бақылауда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

22 ӘЙЕЛ ЕМДЕЛІП ЖАТЫР

Алдыңғы

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *