Басты ақпаратЖаңалықтарҚоғамСаясатЭкономика

ШЫМКЕНТТЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов макарон өнімін шығаратын «Барыс-2007» ЖШС-нің өндіріс орнына барды.

Макарон өнімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енуіне байланысты, тұрақтандыру қорының (стабфонд) айналым қаражаты есебінен аталған өнімнің бағасын тұрақтандыру шаралары жүзеге асырылуда. Бұл өнімдерді «Грамад» және «Магнум» ірі сауда желілерінен белгіленген бағада сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Әлеуметтік азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорына жергілікті бюджеттен 7,7 млрд.теңге бөлінгенін айтқан шаһар басшысы қалада азық-түлік бағасына бақылау күшейтілгенін және бағаны шекті мөлшерден асырған кәсіпкерге әкімшілік жаза қолданылатынын ескертті.

Макарон фабрикасы 2009 жылдан бері өнім шығаруда, 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы инвестиция сомасы 3 млрд.теңгені құрайды. Әкімдік фабриканың құрылыс кезіндегі шығындарына мемлекеттік қолдау көрсетіп, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаған.

Кәсіпорын жылына 36 мың тонна макарон өнімдерімен қаламызды толығымен қамтамасыз етумен бірге Республика аумағы мен көршілес елдерге де экспорттауда.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауаларына зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, Шымкентте бірнеше айға жететін бірінші қажетті азық-түлік тауарлар қоры жеткілікті, тапшылық жоқ.

Қала әкімі ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын саудалайтын дүкен нүктелерінің санын көбейту мен баға тұрақтандыру жұмыстарына басымдық беруді тапсырды.

🔹Азық-түлік бағасының шекті мөлшерден асырылғанын байқасаңыз 24-75-41 нөміріне хабарласыңыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТЕ ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТЕН БОЛҒАН ЗАЛАЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Алдыңғы

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫНДА 10 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *